«Central Asia Services» (Централ Азия Сервисес) ЖШС (мекен-жайы: 101408, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Ақтау кенті, № 114 есептік квартал, құрылыс 46, 204 кеӊсе) Қазақстан Республикасыныӊ 2018 жылдығы 27 желтоқсандағы «Табиғи монополиялар туралы» Заӊыныӊ 8-бабыныӊ 12-тармағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығыныӊ 609 тармағы, ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетініӊ Қарағанды облысы бойынша Департаментінің 2021 жылдың 20 сәуірдегі №58-НҚ бұйрығы негізінде өз тұтынушыларына білдіреді:
1) «Central Asia Services» (Централ Азия Сервисес) ЖШС электр энергиясын беру және тарату қызметіне тарифтерді және тарифтердік сметаларын бектіту туралы» ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетініӊ Қарағанды облысы бойынша Департаментінің 2021 жылдың 29 қантардағы № 14-НҚ бұйрығыныӊ күші жойылды;
2) «Central Asia Services» (Централ Азия Сервисес) ЖШС электр энергиясын беру және тарату қызметіне, 2021 жылғы 1 мамыр айынан бастап қолданысқа еӊгізе отырып кВтс үшін ҚҚС-сыз 0,14 теӊге мѳлшерінде тариф бекітті.
