Хабарландыру

«Central Asia Services» (Централ Азия Сервисес) ЖШС (пошталық мекен-жайы: 101408, Қарағанды облысы, Ақтау кенті, «Central Asia Cement» АҚ басқармасы, 204 кеӊсе) мынадай тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi: 3 200 000 кВтс көлемінде нормативтік техникалық шығындарды өтеу үшін электр энергиясын сатып алу жөнiнде ашық (қайталама) тендер өткiзу туралы хабарлайды.

Тауарлар Қарағанды облысы, Ақтау кенті жеткiзiлуге тиiс.

Жеткiзудiң  талап етiлген мерзiмi: 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Сатып алу үшiн бөлген сомасы: 27 148 мыӊ тенге ҚҚС-мен.  

Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 20.01.2015 жылғы № 18 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерін және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстармен көрсетілетін қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларының 7-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық әлеуетті өнiм берушiлер жiберiледi.

Тендерлiк құжаттама пакетiн 2019 жылғы 27 ақпанына 14 сағат 00 минутқа дейiнгi мерзiмдi қоса алғанда "Central Asia Services "ЖШС ресми сайтында (Централ Азия Сервисес) casrv.kz "тендерлік құжаттама" файлын жүктеу арқылы» немесе келесі мекен жай бойынша: Қарағанды облысы, Ақтау кенті, «Central Asia Cement» АҚ басқармасы, 204 кеӊседе сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейiн алуға болады.

Тендерлiк құжаттама тегін беріледі.

Конвертке салынып желімделген тендерге қатысуға тендерлiк өтiнiмдердi әлеуетті өнiм берушiлер «Central Asia Services» (Централ Азия Сервисес) ЖШС мына мекенжай бойынша Қарағанды облысы, Ақтау кенті, «Central Asia Cement» АҚ басқармасы, 204 кеӊседе береді.

Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi 2019 жылғы 28 ақпанына 12 сағат 00  минутқа дейiн.

Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттерді тендерлiк комиссия мына мекенжай бойынша: Қарағанды облысы, Ақтау кенті, «Central Asia Cement» АҚ басқармасы, 204 кеӊсе 2019 жылғы 28 ақпанына 14 сағат 00 минутта ашады.

Әлеуетті өнiм берушiлер және олардың өкiлдерi (бірінші басшының қолымен және мөрмен расталған сенімхатты ұсынып) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатысады. Табиғи монополия субъектiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатып алу бойынша «Central Asia Services» (Централ Азия Сервисес) ЖШС өткiзетiн тендерге байқаушы ретiнде қатысуға құқылы.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы 8 (7213) 941081 телефон арқылы алады.

Scroll to Top